RussianKazakhEnglish (UK)

Той өткізу

 

Әрбір халықтың мәдениетінің негізгі бөлігі болып атадан балаға мұра болып келе жатқан өзінің салт-дәстүрлерін сақтау болып табылады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері бірнеше ғасыр бойы қалыптасты.

Қонақжайлылық қазақ халқына тән қасиет болып табылады. Қонақтарды әрқашан құшақ жая қарсы алып, қазақтардың ұлттық киіз үйіне кіргізіп, дастарқанның басына дәм ауыз татуы үшін отырғызатын. Қазақ дастарқаны ең бастысы, ет жеңсік асының және еттен жасалған тағамдардың көптүрлілігімен, сонымен қатар қымыз, шұбат, айран секілді пайдалы сусындарымен  танымал.

Бізде сіз  үйлену тойы, баланың туылғанына және тәрбиесіне, қонақтарды күтуге байланысты  мерекелеріңізді қазақ халқының салт-дәстүрлеріне сай өткізе аласыз. Маңызды ұлттық мерекелерге Наурыз немесе көктемгі күн мен түннің теңелуіне қатар келген көктем мерекесі,  Құрбан-айт немесе құрбан шалу, көп түрлі үйлену тойының ғұрыптары - Орын той, Жертыс той, Беташар, сонымен қатар балалар мерекелері – Шілдехана, Тұсаукесер және тағы да басқа жатады.

Біздің менеджерлер сізге сценарийлерді жасауға, жүргізушілер мен әншілерді, музыканттарды сапалы таңдауға және залды көркемдеуге көмектеседі. Сонымен қатар кәсіпқой фото, бейне және трансфер жасауды ұйымдастырады.

 

 

 
 
Рейтинг@Mail.ru